Қазақстандықтар арасында Түркияда демалу басымдығы қайта жаңғыруда

Фотография - Қазақстандықтар арасында Түркияда демалу басымдығы қайта жаңғыруда

сонымен бірге БАӘ мен Бразияля да жерлестірімізге тартымды екен

2790 0

Турцияда болған бірнеше жарылысқа қарамастан қазақстандықтар бұл елді басты демалу орны етіп таңдауы қайта жаңғыруда. Бұл туралы Today.kz тілшісіне Қазақстанның туристік агентіктер ассоциациясы ҚТАА президенті Әсел Нұркебаева айтып берді.

"Нарыққа жан біте бастады. Түркияға сұраныстар қайта түсе бастады, өйткені ол жерде балалармен де демалуға болады, бағалары да тиімді. Негізі Түркияда демалуға сұраныс үш себептен түсті: бұл әрине террактілер, ақшаның құлдырауы және Ресей мен Түркияның арасындағы түсініксіз шиеленіс. Біз сауалнама жүргізіп, Түркияға сұраныстың 50 пайызға түскендігін анықтағанбыз", - дейді Нұркебаева.

Сонымен бірге ол ақшаның құлдырауы Қазақстанда 30 шақты туристік фирманың жабылуына әкелгендігін айта кетті.

Ал қазіргі кезде үш бағыт бойынша чартерлі рейстер жұмыс істеп тұр: Сочи, Болгария, Батуми, дейді ҚТАА басшысы. Дегенмен әзірге бұл бағыттар бойынша саттистика жоқ. Ал қазақстандықтар БАЭ мен Бразилияда демалуға да қызығатынын атап өтті ол.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!