"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа басшысы тағайындалды

Фотография - "АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа басшысы тағайындалды

Сондай-ақ, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаржы директоры да тағайындалды.

157 0

"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының бас директоры болып Парамжит Калон тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"2016 жылдың  1 мамырынан "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын  ArcelorMIttal компаниясының вице-президенті және топтың басқарушы комитетінің мүшесі  Парамжит Калон басқарады. Ол "АрселорМиттал Кривой Рог" ӨАҚ және ТМД "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының (АҚ) бас директоры қызметін атқарды",  делінген  хабарламада.

Сондай-ақ, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаржы директоры болып Ашок Кумар Сонталия тағайындалды. Ол осыған дейін  ArcelorMIttal компаниясының бас менеджері болып қызмет еткен. Жаңа қаржы директоры да қызметіне 1 мамырдан бастап кіріседі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!