Өскемен қаласының жаңа әкімі болып Ерлан Аймұқашев тағайындалды

Фотография - Өскемен қаласының жаңа әкімі болып Ерлан Аймұқашев тағайындалды

Ерлан Қапарұлы Аймұқашев 1970 жылы наурыздың 18-і күні дүниеге келген

483 0

 Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемен қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды. Бұл лауазымға бұған дейін ШҚО әкімі аппаратының басшысы болған Ерлан Аймұқашев тағайындалды, деп хабарлайды Today.kz облыстың ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

 Аймұқашев Ерлан Қапарұлы 1970 жылдың 18 наурызында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын және Павлодар университетін тәмамдаған. 2000 жылдан бастап мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет атқарып келеді. Павлодар облысы әкімдігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі лауазымдарын атқарған.  

2012 жылдан 2014 жылға дейін энергетика және инфрақұрылым бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиясының Коллегия мүшесі (Министр) Хатшылығының басшысы болды. Өскемен қаласы әкімі лауазымына тағайындалғанға дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды.

Өскемен қаласының экс-әкімі Темірбек Қасымжанов 2013 жылдың мамыр айынын бастап облыс орталығын басқарып келді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!