Елімізде туберкулезбен сырқаттану 9%-ға төмендеді

Фотография - Елімізде туберкулезбен сырқаттану 9%-ға төмендеді

ДДСҰ бағалауы бойынша, бұл көрсеткіш барлық Еуропалық Одақ елдері арасында жоғары болып отыр.

153 0

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында туберкулезбен сырқаттану 100 мың тұрғынға шаққанда 1991 жылы 64,4-тен 2015 жылғы 58,5-ке, яғни 9%-ға, ал оның салдарынан туындайтын өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 10,6-дан 4,1-ге сәйкесінше төмендеді. 

Республикада тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында туберкулездің негізгі эпидемиологиялық көрсеткіші бойынша 2002 жылғы ең жоғарғы көрсеткішпен (100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші – 165,1, аурудан болған өлім – 24,2) жағымсыз динамика анықталған болатын. 2003 жылдан бүгінгі күнге дейін жыл сайын аталған көрсеткіштің тұрақты түрде төмендеуі байқалады (сырқаттану – 3 есе, өлім – 6 есе).

Қазіргі таңда елімізде 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күресудің кешенді жоспары жүзеге асырылып келеді. Аймақтардағы барлық медициналық ұйымдар ауруларды, оның ішінде дәрілік тұрақты формаларын диагностикалаудың заманауи құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Туберкулезге қарсы препараттардың көлемі де жеткілікті.

2015 жылы сезімтал туберкулезбен алғаш рет сырқаттанған адамдарды емдеу тиімділігі жақсарып, 2014 жылғы 86,4%-на қарағанда 87,6%-ды құрады (ДДСҰ стандарты - 85%).

2015 жылдың қорытындысы бойынша туберкулездің көп дәріге төзімді формасына шалдыққан науқастарды (әрі қарай – КДТ ТБ) азаматтық секторда екінші қатардағы дәрілермен қамту 99,4%-ды құрады, пенитенциарлық секторда – 98% (ДДСҰ стандарты - 85%) болды.

2012 жылы тіркелген КДТ ТБ сырқаттанған адамдарды емдеу тиімділігі 75,1%-ды құрады. ДДСҰ бағалауы бойынша, бұл көрсеткіш барлық Еуропалық Одақ елдері арасында жоғары болып отыр.

Жыл сайын аймақтардағы жергілікті атқарушы органдар амбулаторлық жағдайда ем қабылдайтын туберкулезбен сырқаттанған адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмекті қаржыландыруды ұлғайтып отыр. Мәселен, 2015 жылы әлеуметтік қолдауға 714 млн. 97,2 мың теңге бөлінді. Ал 2014 жылы бұл сома 553 млн. 600,8 мың теңгені құраған болатын.

Айта кету керек, Қазақстандағы туберкулезбен тиімді күресу жалпымемлекеттік сипатта сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы маңызды әрі басым бағыттарының бірі болып қала бермек.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!