Мәжілісмендер Қазақстанда міндетті екпенің енгізілуіне қарсы шықты

Фотография - Мәжілісмендер Қазақстанда міндетті екпенің енгізілуіне қарсы шықты

Депутаттар балаларға жеке ерекшеліктері мен дәріге төзу қабілетін ескермей жалпылай екпе жасауға қарсы

276 0

"Ак жол" фракциясының депутаттары мәжілісте балаларға жеке ерекшеліктері мен дәріге төзу қабілетін ескермей жалпылай екпе жасауға қарсы болды. Меруерт Қазбекованың айтуынша, балалардың кембағал болып қалу жайттарының үш пайызы осы вакцина салудан болады екен, деп жазады Today.kz.

Қазбекова "Милосердие" ерікті қоғамы өткізген мониторинг нәтижелеріне сүйенді, ол бойынша Қазақстанда балалар кемтарлығы өсіп келе жатыр.

"Бала кемтарлығының әрбір үшінші жағдайы дәрігерлер қателігінен болады, оның ішінде босану кезіндегі жарақаттар 6,6 пайызды, ал үш пайызы вакцина салу кезінде болады. Жалпы вакцина салуға қарсылық жоқ. Тек балаларға жеке ерекшеліктері мен дәріге төзу қабілетін ескермей жалпылай екпе жасаудан бала кемтарлығы орын алып жатады", - дейді Меруерт Қазбекова.

Сонымен бірге ол "Ак жол" фракциясы бұл мәселені бірнеше рет көтергендігін айтты және вакцинадан кейін ондаған жеткіншектің ауруханаға түскендігін мысал етті. Бірақ ол кезде оны вакцинаға жеке төзімділіктің болмауымен түсіндірді. Осылайша, 2013 жылы депутаттар папилома вирусына қарсы міндетті екпеге күмәнмен қарайтындығын айтқан, ал АҚШ-та бұл екпеден 93 бала көз жұмған.

Сонымен бірге депутаттар денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен екпенің кері әсері үшін кім жауапты болатындығын айтуға талап етті.

Естеріңізге салсақ, 2015 жылы Шымкентте мектеп оқушысы қызылшаға қарсы екпеден кейін 10 күн ес-түссіз жатқан. Бала екпе салынғаннан кейін бірден талып қалған. Осы оқиғадан кейін Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті бұл екпені Қазақстанда салынуын тоқтатқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!