Индонезия EXPO 2017 көрмесіне қатысу шартына қол қойды

Фотография - Индонезия EXPO 2017 көрмесіне қатысу шартына қол қойды

Кездесу барысында Р.Жошыбаев алдағы «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін көрменің дайындық барысы туралы хабардар етті

1777 0

EXPO 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаев Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жұмыс сапары шеңберінде Джакарта қаласында жүр. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды. Индонезияның Энергетика және минералды ресурстар министрі Судирман Саидпен, Энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары, Индонезияның ұлттық комиссары Рида Мулианамен, Сыртқы істер министрінің орынбасары Эсти Андаянимен және Индонезияның іскерлік топтарымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында Р.Жошыбаев алдағы "Болашақ энергиясы" тақырыбында өтетін көрменің дайындық барысы туралы хабардар етті. Өз кезегінде С.Саид Индонезияның гидро, күн, биомасса және геотермалдық энергетика саласындағы үлкен әлеуеті бар екендігін және Индонезия Үкіметінің 2025 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің жалпы энергия өндірудегі көрсеткішін 25%-ға дейін арттыру көзделіп отырғандығын жеткізді. Индонезияның Сыртқы істер министрлігінде тараптар өзара іс-қимыл спектрі бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін талқылады. Индонезиялық дипломаттың айтуынша, халықаралық деңгейдегі EXPO 2017 көрмесінің сәтті өтуі Қазақстан экономикасының дамуы үшін жақсы мүмкіндік екенін сөзге тиек етті. Сапар барысында Индонезияның Ұлттық комиссары Р.Мулиананың бастамасымен елдегі іскерлік топтардың қатысуымен EXPO 2017 көрмесінің тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында көрменің ұйымдастырушылық және техникалық сұрақтары мен жаңартылатын және баламалы энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Кездесу барысында EXPO 2017 комиссары Индонезияның БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Р.Жошыбаев пен Р.Мулиана индонезиялық тараптың EXPO 2017 халықаралық көрмесіне қатысу жөніндегі келісім шартына қол қойды. Осылайша, Индонезия Республикасы қатысу келісім-шартына қол қойған 46-мемлекет болды. Қазіргі таңда 81 мемлекет пен 14 халықаралық ұйым Астанада өтетін көрмеге қатысатынын ресми түрде мәлімдеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!