Иманғали Тасмағамбетов "Жәрдем-2016" арнайы оқу-жаттығуына қатысты

Фотография - Иманғали Тасмағамбетов "Жәрдем-2016" арнайы оқу-жаттығуына қатысты

Аталған оқу-жаттығу өзге оқу-жаттығулардан маңызы жағынан түбегейлі ерекшеленеді және айрықша бағытқа ие

369 0

Бүгін, 2016 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Сарышаған полигонында өтіп жатқан "Жәрдем-2016" арнайы оқу-жаттығуына қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрігінің ресми сайты.


 Қорғаныс ведомствосының басшысы әскери қызметшілердің іс жүзіндегі іс-қимылдарын бақылап, жеке құрамның кәсіби даярлығын бағалады. Аталған оқу-жаттығу өзге оқу-жаттығулардан маңызы жағынан түбегейлі ерекшеленеді және айрықша бағытқа ие. Оның шеңберінде әскери қызметшілер төтенше жағдайлар кезіндегі апат салдарын жою жұмыстарын жүргізеді.  Себебі, Сарышаған полигонының ауданы мен осы полигонның әкімшілік орталығы –Приозерск жабық қаласында ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған ғимараттар мен құрылыстар орналасқан. Олар қираған, жөндеуге және әрі қарай пайдалануға келмейді. Оқу-жаттығудың әзірлемесіне сәйкес белгіленген аумақта орналасқан бірқатар ғимараттар мен құрылыстар миналап тасталды. Одан кейін ережелерге сәйкес мамандармен құрылыстар жарылды. Ал әскери бөлімшелер ғимараттарды бөлшектеу және боршалауды, сондай-ақ аумақты тазартып, пайдалануға беру мүмкіндігін жүргізеді. Осылайша, практикалық сабақтар бөлімшелердің жеке құрамының, оның ішінде әскери инженерлердің дағдысы мен машығын жетілдіруге мүкміндік берді. Жалпы алғанда, "Жәрдем-2016" оқу-жаттығуына қатысуға 100-ден аса әскери қызметші, сондай-ақ 10-нан астам әскери қопарушы маман тартылды. Оқу-жаттығуға шамамен 100 бірлік арнайы техника, яғни, бульдозерлер, тиегіштер және экскавторлар тартылды. Деректерге сүйенсек, оқу-жаттығу ағымдағы жылдың шілдесіне дейін жалғасады. Жалпы, екі жарым ай ішінде әскери қызметшілер 60-тан аса ғимарат пен құрылысты жару және боршалауды жүргізуді жоспарлауда.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!