Эльмира Суханбердиева ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

Фотография - Эльмира Суханбердиева ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

Ерлан Сағадиев министрлік ұжымына жаңа вице-министр Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызын таныстырды

1104 0

Эльмира Суханбердиева Қазақстан білім және ғылым министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарланады ҚР премьер-министрінің ресми сайтында.

"Бүгін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев министрлік ұжымына жаңа вице-министр Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызын таныстырды", — делінген хабарламада.

Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызы 1971 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін, 2006 жылы Халықаралық еңбек академиясын "заңгер бакалавры" мамандығы бойынша, 2009 жылы Халықаралық бизнес академиясын (МВА) "Іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылдан 2016 жылғы сәуір айы аралығында Астана қаласы білім басқармасының басшысы қызметінде болған.

 Астана және Алматы қалалары әкімдерінің, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының алғыс хаттарымен, "Ы.Алтынсарин» атындағы белгімен, "Ерен еңбегі үшін", "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" мерейтойлық медальдарымен марапатталған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!