Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жауын жауады деп күтілудe

Фотография - Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жауын жауады деп күтілудe

Тек Қазақстанның оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

162 0

Бейсенбіде Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, тұман түседі деп күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстік-батысында  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді деп күтіледі.Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады, Ақтөбе, Қызылорда, облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі бар.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!