Дариға Назарбаева Елбасының құттықтау хатын оқып берді

Фотография - Дариға Назарбаева Елбасының құттықтау хатын оқып берді

Астанада XIII Еуразия Медиа Форумы басталды.

123 0

Форумның ашылу салтанатында Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді, деп хабарлайды Baq.kz.

"Жаңа әлемнің бәріміздің ортақ болашағымыздың қандай болатыны әрқайсымызға байланысты. Мен "Әлем. ХХІ ғасыр" атты манифесімді ұсындым. Оның мақсаты жер бетінде соғыс атаулын күрт тамырымен жою. Бұл ғасыр ортақ ерік-жігер арқылы парасат пен жаһандық сындарлы диалог салтанат құратын даму жолы болуы тиіс. Сол себепті Еуразиялық медиа форумның алаңында қордаланған әлемдік проблемаларды ашық талқылап, теңгерімді шешімдер іздестіру. Бейбітшілік жолындағы жалпы әлемдік қосылатын баға жетпес үлес. Форум жұмысының нәтижесі сіздердің идеяларыңыз бен бастамаларыңыздың жемісі болмақ. Форум қатысушыларына сәттілік тілеймін", – делінген құттықтау хатта.

Айта кетейік, Форумға әлемге танымал экономистер, саясаткерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері келді. Олар әлемдік экономиканың келешегі араб дүниесіндегі өзгерістердің геосаяси салдары, Еуропалық одақтың болашағы, XXI ғасырдағы соғыс, мұнай өндіруші елдердің имиджі және теле-кино индустриясының қоғамға ықпалын талқылау үшін жиналды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!