Елбасы педофилдерге химиялық жолмен кастрация жасау заңына қол қойды

Фотография - Елбасы педофилдерге химиялық жолмен кастрация жасау заңына қол қойды

Фото: ©Алмаз Толеке

Қазақстанның заңнамасына педофилдерге химиялық кастрация жасау туралы медициналық сипаттағы мәжбүрлі шара қолдану туралы норма енгізілмек.

770 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстанның заңнамасына педофилдерге химиялық кастрация жасау туралы медициналық сипаттағы мәжбүрлі шара қолдану туралы норма енгізілмек. 

Химиялық кастрация бұл — уақытша шара, бұл бір реттік инъекция болады. Яғни, инъекция жасалғанан кейін ол өмір бойы осындай болып қалмайды. Инъекция сот және медициналық ұйым шешімі шыққаннан кейін жасалады. Осылайша, бір баланың болса да өмірін қорғап қалсақ, бұл дұрыс шешім деп ойлаймын.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!