З.Бәлиева мен Е.Сағадиев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Фотография - З.Бәлиева мен Е.Сағадиев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Республикада орталық және өңірлік деңгейде балалардың құқықтарын қорғау жүйесі қалыптасты.

175 0

Бүгін Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл Зағипа Бәлиева мен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Еліміздің Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан-2050" Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты" атты стратегиясында "Балалар қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі, олардың құқығы қолғалуы тиіс. Мемлекет оларға қамқор болуы керек" екенін атап өтті.

Республикада орталық және өңірлік деңгейде балалардың құқықтарын қорғау жүйесі қалыптасты.

Зағипа Бәлиева айтып өткендей, еліміздегі балалар құқығына қатысты мәселелерді шешу, олардың жағдайына құлақ асу және барынша көмектесу өте маңызды.

2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жұмыс жасайды. Облыстардың Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының жанында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі арнайы бөлімдер жұмыс істейді.

2007 жылдан бастап Үкіметтің жанында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнінде ведомствоаралық комиссия құрылды, олардың құрамына он бейінді министрліктің, үкіметтік емес және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі 213 өңірлік комиссия жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасында бала құқықтары жөніндегі Уәкіл институты құрылды. Елбасының өкімімен Қазақстан Республикасында қоғамдық бастамада Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл болып Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Бәлиева сайланды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!