2020 жылы барлық мектеп түлектері қазақ тілін білуі тиіс - Сағадиев

Фотография - 2020 жылы барлық мектеп түлектері қазақ тілін білуі тиіс - Сағадиев

Фото: today.kz

БҒМ басшысы мектептерде үштілді оқыту жүйесін енгізу және қазақ тілінің болашағы туралы мәлімдеді.

2805 2

ҚР Білім және ғылым министірі Ерлан Сағадиев қазақстандық мектептерде үш тілді оқытудың механизімін түсіндіріп берді.  2016-2019 арналған білім және ғылымның дамуы туралы Мемлекеттік бағдарламаға байланысты қоғамда алаңдаушылық пайда болды. Ведомствоның жоспары бойынша 2016 жылдан бастап үш тілді оқыту жүйесі бірте‑бірте дамиды, деді министр. Бұл туралы Today.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Бағдарламаға сәйкес,  тек 10-шы, 11-ші сыныптар, және де 2019 жылдың қыркүйегінен  төрт пән бойынша (физика, химия, биолония, информатика) сабақтар шет тілінде жүргізіледі. Сонымен қатар қазақ тілді мектептерде математика, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан Тарихы, география және де басқада пәндер қазақ тілінде жүргізіледі. Барлығы – 16 сағат. Қазір мен мамандарға қатысты айтып отырмын. Орыс тілі және литература, әлем тарихы мектептердегі тіл қандай болсада орыс тілінде жүргізіледі. Жалпы орыс тілді мектептерде де осылай. Бұл төртінші жылы ғана және жоғарғы сыныптар үшін", - деді министр.

Осыған орай, басқа сыныптарда жағдай бұрыңғы қалыпта қала береді, тек жыл сайын тіл үйренуу салмағы арта түседі. Жалпы мектептерде үш тілде білім алу мүмкіндігі беріледі. Ал, мұғалімдерді дайындау 2016 жылдан басталады.



Загрузка...

Пікір (2)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Арман 22 сәу. 2016

Орыс мектептерінде Қазақстан тарихы математика, қазақ тілі, қазақ әдебиеті,география пәні қазақша жүргізілсе

Жауап беру


Жұлдызай 23 сәу. 2016

Министр мырза айтып отырған физика,биология,химия пəндері кез келген бала меңгеріп кететін ағылшын тілі емес. Пəнді меңгеру үшін білікті маман мен жақсы жүйе қажет.Ал ана тілін тек оған сұраныс болса ғана сақтай аламыз. ВУЗ-дарда аталған пəндер ағылшынша оқылса,қазақ тіліне сұраныс бірте-бірте төмендейді емес пе? Өз тіліңді өлгенше үйренесің,сонда 4 жылдың ішінде қазақ тілін барлық бала біліп шығадыны қалай түсінеміз? Мектепте де,жоғарғы оқу орындарындарында да оқыту тілі қазақ тілі болған шарт. Қалған тілдерді элективті курс ретінде не тереңдетіп оқыту керек.Ғылым тілі қай тіл болғанына қарамастан,адам білімді жетік білетін тілінде ғана меңгере алады жəне барлық қазақстандықтар физик,инженер,биолог болады деу дұрыс пікір емес.Ендеше неге ауыр пəндерді жаппай ағылшынша оқуға мəжбүрлеуіміз керек?Дұрыс,бір типті мектеп болсын жəне ол қазақ елінің оқу орыны болғандықтан,қазақ тілінде оқытылсын.Жалпы,дүниежүзінің тəжірибесінде қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін адамдар саны тым басым. Біз де балаларымызды өмірге бейімделіп,өз орнын табуға үйретуіміз керек,ағылшын тілінде физика оқытып,"қараңғы бөлмеде қара мысық іздетпей".

Жауап беру