Келесі Еуразия медиа форумы ЭКСПО-2017 базасында өтеді

Фотография - Келесі Еуразия медиа форумы ЭКСПО-2017 базасында өтеді

Фото: ©Арман Мухатов

Форум соңында ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы, ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева сөз сөйледі.

341 0

Бүгін Астанада XIII Еуразия медиа форумы-2016 жұмысын тәмамдады. Форум соңында ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы,  ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева сөз сөйледі, деп хабарлайды BNews.kz.

"Өзгелерден бөлініп, оңашалана бергенше, арадағы кедергі-тосқауылдарды жойған дұрыс. Сандық коммуникация мен интернет дүбірлеп тұрған дәуірде айналысынан қол үзіп, бөлектенген мемлекеттің дамуы екіталай. Қызықты пікірталас пен жаңа көзқарастарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамын", - деді Д.Назарбаева.

Сондай-ақ Д.Назарбаева келесі, XIV Еуразия медиа форумы Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесі ұйымдастырылатын орындардың бірінде өтетінін атап өтті.

"Келер жылы Қазақстан ЭКСПО көрмесін өткізеді. Келесі форумның 2017 жылдың 22-23 маусымында ЭКСПО көрмесі орындарының бірінде өтетінін қуана хабарлаймын", - деді ол.

Бүгін форум қонақтары мен спикерлері Бүкіләлемдік көрме нысандарын аралайды деп күтілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!