Астана әкімі "Нұр Отан" партиясының белсенді мүшелеріне алғыс хат табыстады

Фотография - Астана әкімі "Нұр Отан" партиясының белсенді мүшелеріне  алғыс хат табыстады

Әділбек Жақсыбеков алғыс хатты Елбасы атынан табыстады

1161 0

"Нұр Отан" партиясының Астана қалалық филиалының төрағасы, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге елеулі үлес қосқан партияның белсенді мүшелеріне Мемлекет басшысының атынан алғыс хаттар табыстады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Партия мүшелерін құттықтай отырып, Ә. Жақсыбеков қалалық штабтың сайлауалды науқанда атқарған жұмысын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, елорда басшысы "Нұр Отан" партиясын қолдау бойынша сайлаушылар дауысының 85,18% жинап, Астананың мемлекеттегі ең үздік нәтижеге қол жеткізгеніне тоқталды.

"Бұл маңызды және жауапты жұмыстың объективті қорытындысы. Астанада партияға теңдессіз қолдау көрсетілді. Халық Елбасын және еліміздің қазіргі саяси бағытын құптайды. Адал еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын", - деді Ә. Жақсыбеков.

Азаматтарға "Нұр Отан" партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндіруге белсенді қатысқан қоғам қайраткерлері, сайлауалды штаб мүшелері, жас белсенділер алғыс хаттармен марапатталды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!