Алматыда барлық 57 базар жаңғыртылады

Фотография - Алматыда барлық 57 базар жаңғыртылады

Фото: ©Алмаз Толеке

Әкім антисанитариямен күрес және қаланың экологиясы жайлы жоспарларымен бөлісті.

710 0

Алматы әкімі Бауыржан Байбек есепті баспасөз мәслихаты барысында Ұлт жоспарының "100 нақты қадамы" мен Бес институционалды реформаны жүзеге асырудың барысы туралы айтты. Мегаполис басшысы Қазақстан мен Алматыны дамытуда Ұлт жоспарының маңызды рөлін айрықша атап өтті.

"Қазіргі күрделі кезеңде Ұлт жоспарының "100 нақты қадамы" Алматының әлеуетін толық ашуға және отыз үздік мегаполистердің қатарына іскер ғана емес, инновациялы, мәдени, туристік орталық ретінде енуіне мол мүмкіндік береді", - деді Б.Байбек.

Бұдан өзге, әкім қалалықтардың белсенді түрде қатысуымен қабылданған Алматынның 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасының Бес институционалды реформаның идеясы және тұжырымдары негізінде жасалғандығын айтты.

Алматыда кәсіби мемлекеттік аппаратты құру және жемқорлықты жою аясында мәдениет және мұрағат басқармалары бірігеді және қаланың үш басқармасында адам саны қысқарады. Босаған адамдар есебінен "орталықтан- аудандарға" принципі бойынша кадрлар алмастырылады.

Сонымен қатар, бұрындары жасалған жобалардың бағасы да қысқарады. Мысалы, Наурызбай ауданында салынатын әкімшілік ғимараттардың құрылыстары жұмыс сапасын төмендетпей, 2 млрд.теңгеге азаяды. "Заңның үстемдігін қамтамасыз ету" жөніндегі екінші институционалды реформа туралы айтқан әкім көлеңкелі қаржыны шығару мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы да сөз етті. Осы ретте заңсыз салынған құрылыстар сүрілуде. Соттың шешімімен "Адем-4" сауда орталығының сауда ангары, Алмаарасан шатқалындағы мейрамхана, Луганский мен Сәтпаев көшелеріндегі тұрғын кешені сүрілді. Академқалашықтағы заңсыз салынған жанар- жағар май станциясының құрылысы тоқтатылды. Бұлардан өзге Суқорғалатын аумақтардағы заңсыз салынған үш көпір сүрілді, тағы біреуі болашақта алынып тасталады. Рұқсатсыз әрі құжатсыз орнатылған билбордтар да сүрілуде.

Қала әкімі заңсыз кесілген ағаштар мен жасылдандыру мәселесіне кеңінен тоқталды. Қалақұрылысы кеңесінде талқылауға ұсынылған жобаларда абаттандыру мен жасылданыдыру нормативтерінің міндетті түрде болуы басты талаптардың біріне айналды. Бұдан өзге ағаштарды кесуге және олардың орнын толтыруға берілетін рұқсат құжаттарға бақылау күшейтілді.

"Индустрияландыру және экономикалық өсім" атты үшінші реформа Алматының даму Бағдарламасының «Бизнес пен жеке капитал қаласы" бағыты аясында жүзеге асуда. Әкім қазіргі кезде әкімшілік процедуралардың жеңілдетілгендін, бизнестің ресурстарға жақындағанын айтты. Мысалы, Алматыда бизнеске несие беруде "Жібек жолы" мен "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламалары жұмыс істейді. Инвестиция тартудың қадамдық жоспары бекітілген және инвестор тарту мен инвестклиматты жақсарту жөнінде Кеңес құрылған.

Мегаполисте өндіріс пен инновацияны дамытуға барлық жағдайлар жасалуда. Индустриалды аймақ пен "Инновациялық технологиялар паркінің" АЭА-да бюджет есебінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тарту жүзеге асуда.

Мемлекеттік- жеке серіктестік аясында жұмыс жандана түскен. Жалпы құны 31,4 млрд. теңге болатын 37 жобаны (4700 орынды 27 бала бақша, 4420 орынды 4 мектеп, 500 адам қатынайтын емхана, спорткешені, оқушылар Сарайын қайта жөндеу) жүзеге асыру жөнінде Келісім жасалды. Қазіргі кезде 12 объект бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Үстіміздегі жылдың аяғында 6 жаңа бала бақша, 4 мектеп, 1 емхана пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Бұдан өзге қала әкімдігі бірінші кезекте қажет тауарлардың бағасын көтермеу жөнінде де ауқымды жұмыстар жүргізуде. Негізгі тауарлар бойынша мыңнан астам меморандумдар жасалды, демалыс күндері жәрмеңкелер өткізілуде, бұлардағы баға базардағыдан 15-20%-ға төмен. Жыл аяғына дейін 600 жәрмеңке өткізу жоспарланған.

"Біртектілік пен бірлік" атты төртінші реформа аясында ҚХА жанынан Қоғамдық Келісім Кеңесі, Аналар кеңесі, Медиаторлар Кеңесі құрылған. Бұлардың қатысуымен азаматтық істердің 20% өскелең жолмен сотқа дейін шешілді.

Биыл Алматы 1000 жылдық мерейлі мерекесін атап өтеді. Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар тарихи-мәдени құндылықтар аясында алматылықтардың бірігуіне ықпал етіп, қоғамдық "Мәңгілік ел" патриоттық идеясын қалыптастыруға себеп болады.

"Транспарентті және есеп беретін мемлекет" атты бесінші реформа аясында Қоғамдық кеңес пен Қоғамдық комиссия құрылды. Бұлар ағашты кесуге рұқсат берумен қатар тұрғындарды қаланы одан әрі жақсартуға кеңінен тартатын болады. Әлеуметтік желілер арқасында тұрғындармен кері байланыстың тиімді механизмі де қалыптасты.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!