Назарбаев қазақстандықтарды туған күндерінде ағаш отырғызуға шақырды

Фотография - Назарбаев қазақстандықтарды туған күндерінде ағаш отырғызуға шақырды

Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингте таяуда бірқатар шет мемлекеттерге жасаған сапары жөнінде айтып берді

308 0

Нұрсұлтан Назарбаев ағаш егу жұмысына қатысып, сенбілікке шыққандармен және қала жастары өкілдерімен әңгімелесті, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингте таяуда бірқатар шет мемлекеттерге жасаған сапары жөнінде айтып берді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елорданы көгалдандыру аясында қаланың айналасында 70 мың гектар ағаш отырғызылған, ал оның ішкі бөлігінде жыл сайын саябақтар мен гүлзарлар пайда болып жатқанын атап өтті.

– Қазақстанмен бірге Астана да ажарланып келеді. Оны бүкіл әлем жұрты біледі. Келер жылы, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің ашылуына  қарай қаламыздың халқы 1 миллионға жетеді деп ойлаймын. Бұл – елорда ғана емес, бүкіл республика бойынша туу көрсеткішінің жоғары болуының нәтижесі. Астанада тұрғындар саны 3-4 миллионға жетсе, ғылым мен білімнің, технологияның, медицинаның одан әрі дамуына бұдан да зор үлес қосылады, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды абаттандыру ісіне белсене қатысуға шақырды.

Егер әрбір азамат, әсіресе жастар елді мекендерді тазарту және ағаш отырғызу жұмыстарына қатысатын болса, онда әр ауыл, аудан, қала және олармен бірге бүкіл еліміз де көркейе түседі. Тұрмысы төмендер мен жетімдерге көмек көрсету де аса маңызды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын біз осындай нақты іс-қимылмен қарсы алуға тиіспіз. Біздің керемет байтақ еліміз бар, оның жеріне ағашты көп егуіміз қажет, ол халықтың денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Өз елін сүйетін адам оның игілігі үшін жұмыс істеп, болашағын ойлайды, – деді Мемлекет басшысы.


Сенбілік қаланың санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі экологиялық айлығы аясында өткізіліп отыр. Оған 4 мыңға жуық кәсіпорын мен ұйымнан, 200-ден аса денсаулық сақтау және білім беру мекемесінен, 130 мемлекеттік мекеме мен ведомстводан және ұлттық компаниялардан 100 мыңнан астам адам қатысты.

Сенбілік барысында 16 мыңдай ағаш егілді. Сонымен қатар Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендері арналарын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатымен экологиялық акция өткізілді. 

Қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі экологиялық айлық 18 сәуірден 18 мамырға дейін жалғасады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!