Чех Республикасы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Фотография - Чех Республикасы Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов Оңтүстік-Чехия өлкесінің гейтманы Йиржи Зимоланмен кездесті.

255 0

20 сәуір күні Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов Оңтүстік-Чехия өлкесінің гейтманы Йиржи Зимоланың шақыруымен Чешское Будеёвице облыс астанасына сапармен барды. Сапар барысында мемлекет өңірлерімен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды тереңдету жұмыстары, чех бизнесі, технология және инвестицияларды Қазақстанға тарту жайы сөз болды, деп хабарлайды BNews.kz.

С.Әбдікәрімов кездесу барысында Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты серпінді дамудың саяси, экономикалық және гуманитарлық қарым-қатынастардың құрылымы жайлы, "Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиясын жаңғырту негізінде "Нұрлы жол" бағдарламасы және "Бес институционалды реформаны жүзеге асыру үшін 100 нақты қадам" Ұлт жоспарын, Астана "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық туралы әңгімеледі.

Оңтүстік-Чехия өлкесінің әкімі ауданның экономикалық дамуы мен әлеуеті туралы мәлімдеді және өзара тиімді бизнес-жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстанның аймақтарымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін білдірді.

Сапар аясында С.Әбдікәрімов Липен облыс әкімдері мен кәсіпкерлерінің қатысуымен, Липендік муниципалитеттер одағының төрағасы және Лоучовиц қаласының әкімі Ян Кубикпен кездесті, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық, экспорттық, сауда-экономикалық әлеуетінің таныстырылымын өткізді.

Дипломат "Koх-и-Нор" белгілі компанияның қаламсап және кеңсе тауарларын өндіру зауыттарын, автокөлік компоненттерін өндіруші-зауыт MAGNA және Jihostroj құрылыс материалдарын өндіретін зауытта болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!