Астанада көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр

Фотография - Астанада көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр

ҰҚК Шекара қызметі қатарында мерзімді әскери қызмет өткеру үшін 60-қа жуық жаңадан шақырылған бозбала жөнелтілді.

241 0

Осы аптада Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктінен Мемлекеттік күзет қызметі мен ҰҚК Шекара қызметі қатарында мерзімді әскери қызмет өткеру үшін 60-қа жуық жаңадан шақырылған бозбала жөнелтілді. Жаңадан шақырылғандарға өз туған жерін қорғаған аға буынның ерліктері дәріптелді, -деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі. 

"Ұлы мереке қарсаңында біз дәстүр бойынша мемлекет қамқорлық көрсетіп жатқан Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мадақтаймыз және сендер аға буынның даңқты дәстүрінің жалғастырушылары, ізбасарлары болып табыласыңдар. Себебі, отбасыңды, халқыңды қорғау - әрбір ер азамат үшін бастапқы міндет, абыройлы іс. Сендерге әскери антқа адал болып, туған өлкелеріне Отан қорғаушылар ретінде оралуларыңды тілеймін", - деді Астана қаласының ҚІЖД бастығы полковник Талғат Амангелдиев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!