Испанияның Сыртқы істер министрі ЕҰУ-да болып қайтты

Фотография - Испанияның Сыртқы істер министрі ЕҰУ-да болып қайтты

Кездесу соңында Испанияның Қазақстандағы елшілігі дайындаған бейнебаян көрсетілді.

230 0

2016 жылдың 24 сәуірінде Қазақстанға ресми сапармен келген Испанияның Сыртқы істер және ынтымақтастық жөніндегі министр міндетін атқарушы Хосе Мануэль Гарсия-Маргальо Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болды, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

Мәртебелі мейманды Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, халықаралық байланыс және инновация жөніндегі проректор Баубек Сомжүрек, халықаралық қатынастар факультетінің жаңа тағайындалған деканы Ақбота Жолдасбекова қарсы алды.

Хосе Мануэль Гарсия-Маргальо профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен кездесу барысында «Жазу тарихы», «Білім тарихы» мұражайында болып, университеттің құрметті қонақтары аллеясын, Руи Гонсалес де Клавихо атындағы Испан тілі Орталығын аралап көрді.

Өз кезегінде сөз алған ректор бүгінгі күні ЕҰУ-де 400-ден астам студент испан тілін кәсіби маман ретінде үйреніп жатқанын және бұл тілді жақсы меңгерген оқытушылар қатары артып отырғанын тілге тиек етті.

"Университетте испан тілі Орталығы жұмыс істей бастағаннан бері 300-ге жуық оқу құралдары жинақталды, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, әлі де көп жетістікке жетуіміз керек", - деді Ерлан Сыдықов.

Сондай-ақ ректор Қазақстандағы Испан Елшілігіне, испан тілін үйренуге көмек беріп, оның дамуына қосып жатқан үлестері үшін Орталықтың оқытушыларына үлкен алғыс білдірді.

Кездесу соңында Испанияның Қазақстандағы елшілігі дайындаған бейнебаян көрсетілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!