Қазақстанда 30 мыңнан астам ағылшын тілді мұғалімдерге сұраныс бар

Фотография - Қазақстанда 30 мыңнан астам ағылшын тілді мұғалімдерге сұраныс бар

Сағадиев бұрыннан екінші тіл ретінде оқытылып келе жатқан ағылшын тілін оқыту кезінде балаларға қиын болмайды деп есептейді.

258 0

Министр үштілдік оқытуға көшу кезінде қазақ және орыс тілі мұғалімдері саны жеткілікті болғандықтан, ол жағынан қиындықтар болмайтынын атап айтты. Сонымен қатар, Сағадиев бұрыннан екінші тіл ретінде оқытылып келе жатқан ағылшын тілін оқыту кезінде балаларға қиын болмайды деп есептейді.

Қазақстанда үштілдік оқытуға көшу үшін жоғарғы сыныптарға 30 мыңнан астам ағылшын тілді мұғалім керек деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

"Оқытушылар мәселесі бар. Есептейікші, бізде 365 мың оқытушы бар, бізге шамамен барлық жоғары сыныптарды қамтамасыз ету үшін 32 мың оқытушы қажет. Мен даяр мамандарды есептемегенде, егер әрбір 20-шы оқытушы 3-3,5 жыл ішінде пәнді ағылшын тілінде оқытуға көшсе, біз қазірдің өзінде  жартысын қамтамасыз ете аламыз деп ойлаймын. Бұған қоса бізде жыл сайын педагогикалық жоғарғы оқу орындарынан 13-14 мың түлегі шығады (…) Менің ойымша, бізде оқытушылар жеткілікті болады, тіпті асып түседі. Бұл тұрғыда біз үлкен проблемалар көріп тұрған жоқпыз", — деді Сағадиев баспасөз конференциясында.

БҒМ басшысы мұғалімдерді даярлау мәселесі министрлік үшін бірінші кезектегі міндет екенін атап айтты.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!