ҚР жаңа Бас прокуроры тағайындалды

Фотография - ҚР жаңа Бас прокуроры тағайындалды

Бұл орынға Жақып Асанов тағайындалды

1333 0

Қазақстанның жаңа Бас прокуроры болып Жақып Асанов тағайындалды. Мұның алдында ол Бас прокурордың орынбасары болған, деп жазады Today.kz  Ақорданың Twitter парақшасына сілтеме жасай отырып. 


Жақып Қажманұлы Асанов — 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

1985 жылдан — Қызылорда облыстық қорғаушылар коллегиясының стажері. 1986 жылдан 1993 жылға дейінгі аралықта — Қызылорда облысының прокуратура органдарында қызмет атқарған. 

1994 жылғы қараша айынан 1996 жылға дейін — ҚР Президенті әкімшілігінің заңнама, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі қызметінде болған.

 1996 жылдан — ОҚО бойынша салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 

1997 жылдан — ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі, бастықтың орынбасары, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік органдар іс-әрекетіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы. 

2001 жылдан — Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары. 

2002 жылдан — Павлодар облысының прокуроры. 2003 жылдан — ҚР Әділет вице-министрі. 2005 жылдан — "Атамекен» одағы" ҚҰЭП атқарушы директоры. 2006 жылдан — "Ордабасы" корпорациясы" АҚ президенті. 2007 жылдың қыркүйек айынан бері — ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

"Қазақстандық коммуналдық жүйелер" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2005 жылдың маусым айынан 2006 жылдың наурыз айына дейін).

2007-2011 жж. – "Нұр Отан" ХДП партиялық тізімі бойынша IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылғы қаңтардан бастап – "Нұр Отан" ХДП партиялық тізімі бойынша V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

"Құрмет" орденімен марапатталған. ҚР Прокуратурасының Құрметті қызметкері. "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалімен марапатталған (2001).






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!