Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды - Елбасы

Фотография - Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды - Елбасы

"Мемлекет қабылдап отырған заңдарды халыққа түсініті тілде жеткізуіміз аз болып тұр", - деді Президент.

1029 0


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Бас прокурорын Жақып Асановты таныстыру кезінде ҚР Жер кодексіне енгізілген толықтырулар туралы тоқтала кетті, деп хабарлайды Today.kz. Президент қабылдап отырған заңдарды халыққа түсініті тілде жеткізілуі жайында назар аударды.

Қазақстан Президенті бұл ретте азаматтарға өз құқықтарын, сондай-ақ елде қабылданып жатқан заңдарды, соның ішінде Жер кодексін дұрыс түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.

– Кодексте жердің шетелдіктерге сатылатыны туралы ештеңе айтылмаған. Біздің міндет – жердің меншік иесі болып, оның дұрыс пайдаланылуы үшін Қазақстан азаматтарына жерді жекешелендіру мүмкіндігін беру. Жер қурай басып, иесіз жатпай, түсініксіз мақсатта пайдаланылмай, халықтың игілігіне айналуы керек, – деді Мемлекет басшысы. (Елбасының Жер кодексіне қатысты пікірін видеоның 3 мин. 15 секундынан көре аласыздар)


Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев жаңа норманы толық түсінбеу және бұрыс мазмұндау деректері бар екенін айтты.

– Бұл мәселе мемлекет қабылдап отырған заңдарды халыққа түсіндіруге міндетті Үкімет пен жергілікті атқарушы билікке, сондай-ақ құқық қорғау органдарына қатысты, – деді Қазақстан Президенті. Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!