Еліміздің солтүстігін үсік шалады

Фотография - Еліміздің солтүстігін үсік шалады

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, аяз болады

143 0

Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Еліміздің қалған аумағында күн ашық, тек солтүстікте аяз болады.

Қазгидрометтің мәліметінше, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, шаңды дауыл көтеріледі. Атырау облысының кей аудандарында күндіз шаңды дауылмен қоса, желдің жылдамдығы 15-22 м/с дейін барады.
Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының кей бөліктерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.
Қарағанды облысында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, аяз болады. 
Ақтөбе облысында өрт қаупі сақталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!