Астанада Елбасының қатысуымен ҚХА-ның XXIV сессиясы жұмысын бастады

Фотография - Астанада Елбасының қатысуымен ҚХА-ның XXIV сессиясы жұмысын бастады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткізілгелі отырған XXIV сессияның жұмысына 1 500 адам қатысуды.

179 0

Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалық етуімен "Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт" күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өтуде, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткізілгелі отырған XXIV сессияның жұмысына 1 500 адам қатысуды.

Олардың қатарында Ассамблеяның барлық аймақтағы мүшелері мен ардагерлері,  республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, парламент депутаттары, орталық атқарушы органдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, ҮЕҰ жетекшілері, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметкерлері, ғылым, шығармашылық пен БАҚ өкілдері бар. 

ҚХА XXIV сессиясы қарсаңында, 25 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Ассамблея кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда ҚХА жұмысындағы бірқатар өзекті мәселе қаралды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!