Назарбаев Жер кодексіне қатысты бұрмаланған ақпарат туралы мәлімдеме жасады

Фотография - Назарбаев Жер кодексіне қатысты бұрмаланған ақпарат туралы мәлімдеме жасады

Фото: ©Арман Мухатов

Президент: Ауыл шаруашылық жерлерді шетелдіктерге сату туралы әңгіме болған емес

1875 0


Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тағы да Жер кодексі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Today.kz тілшісі. Елбасы ауыл шаруашылық жерлерді шетелдіктерге сату туралы мәселе қарастырылмайтындығы туралы ерекше атап өтті. 

"Соңғы кездері Қазақстан жерінің шетелдіктерге сату туралы бұрмаланған ақпарат салдарынан жер мәселесіне аса назар аударылуда. Бұл ақпараттың дұрыс еместігі бірнеше рет айтылды. Ауыл шаруашылық жерлерді шетелдіктерге және компанияларға сату туралы әңгіме болған емес. Осы тақырыпта сөз таластырулар негізссіз, арандатушылар анықталып, елдің заңнамасы бойынша жазаланады. Тіпті, жерге ие болып отырған ЖШС сырттан инвесторлар тартып, өз акцияларын ұсынса да жер бірден жалға өтеді. Мәселе біздің шаруаларымыздың жекеменшік пен жерге ие бола алуына мүмкіндік жасау. Мұның алдында жалға алу 10 жыл болатын, бірақ бұл мерзімде шетелдік инвесторлардың ешқайсысы өз ақшасын қайтара алмайды. Сондықтан біз оны 25 жылға ұзарттық. Салыстыру үшін: Ресейде (жалға беру) – 49 жыл, Араб Әмірліктерінде – 99 жыл, Еуропала – 49, 59, 99 жыл. Бұдан тұрған ен бар? Жерде еңбек етіп жүргендер емес, ауылшаруашылығы туралы мүлде түсінігі жоқтар даурығуда", - дейді Назарбаев.  

Ертеректе, Мемлекет басшысы ҚР жер кодексіне толықтырулар туралы мәлімдеме жасаған болатын. "Мемлекет қабылдап отырған заңдарды халыққа түсініті тілде жеткізуіміз аз болып тұр", - деді Президент.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!