Геннадий Головкин 35-ші жеңісін Елбасыға арнады

Фотография - Геннадий Головкин 35-ші жеңісін Елбасыға арнады

Ералы Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Геннадий Головкиннің хатын оқып берді.

203 0

Қазақстан боксшы Геннадий Головкин шаршы алаңдағы 35-ші жеңісін Елбасыға арнауды ұйғарған. Бұл туралы ол Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясының қатысушыларына арнаған құттықтау хатында айтады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізді Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясының ашылуымен құттықтаймын. Мен "Нұр Отан" партиясының XVI съезінде сіздің берген тапсырмаңызды орындағанымды қуана хабарлаймын. Бұл жеңісімді Сізге арнаймын Нұрсұлтан Әбішұлы. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз болып қала берсін. Сізге зор денсаулық, амандық тілеймін", - деп Геннадий Головкиннің хатын оқып берді сессия барысында ҚХА төрағасы орынбасарының бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!