Бізге Қытай тілін үйренуімізге тура келуі мүмкін - Назарбаев

Фотография - Бізге Қытай тілін үйренуімізге тура келуі мүмкін - Назарбаев

Мемлекет басшысының ойынша, үш тілдік баларға қажет

7739 0

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Нұрсұлтан Әбішұлы мектептерде үш тілді оқытуды енгізу туралы айтып өтті, деп хабарлайды Today.kz тілшісі. Мемлекет басшысының ойынша, тілдерді игеру ерте жастан жеңілдеу болады.

"Мен балаларды жастайынан үйреткен дұрыс деп ойлаймын. Үш тілдік – балаларымыз үшін қажеттілік. Мемлекеттік тілді білу керек, орыс тілі – қоғамдағы қарым-қатынас тіліміз, ағылшын–әлемдік ғылым, мәдениет, Ғаламтор мен иновация тілі. Балалар бұндай білімсіз қалай өмір сүре алады. Қазір Кеңес Одағы емес, бізге ешкім кіріп, ешкім шықпайтын. Біз балаларды болашаққа даярлап жатырмыз, бүкіл әлем солай істейді. Болашақта әлемде қай тіл басым болатыны белгісіз. Қазір Қытай тілі көп адам қолданатындықтан екінші орында. Мүмкін бізге Қытай тілін үйрену керек болатын шығар кім біледі? Ал қазір алға жылжу үшін, балаларды тәрбиелеуге осы тіл керек. Бізді үйретсе біз де білер едік. Мұнда тұрған ештеме жоқ", - дейді ҚР Президенті.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақстандық мектептерде үш тілді оқытудың механизімін түсіндіріп берді.  2016-2019 арналған білім және ғылымның дамуы туралы Мемлекеттік бағдарламаға байланысты қоғамда алаңдаушылық пайда болды. Ведомствоның жоспары бойынша 2016 жылдан бастап үш тілді оқыту жүйесі бірте‑бірте дамиды, деді министр. 

Айта кету керек, тілдік белгілеріне қарай қазақстандықтарды кемсіту мәселесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың ескертуінен кейін, ҚР Бас прокуратурасы барлық орындаушы органдарға тексерістер жасаған. Елбасының айтуынша, өткен үш айдың қорытындысы бойынша жаңа заңның "Ақпаратқа қолжетімділік туралы" соның ішінде мемлекеттік қызметтердің сұраныс түскен тілде жауап қайтару міндетті 79 рет бұзылған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!