Шығыс Қазақстанда тоқтап тұрған кен орны қайта іске қосылмақ

Фотография - Шығыс Қазақстанда тоқтап тұрған кен орны қайта іске қосылмақ

Бүгінгі күннің өзінде жаңа өндіріс ошағында 120 адам жұмыспен қамтылған

188 0

Глубокое ауданында бұрын тоқтап қалған жылына 130 мың тонна кен өндіретін жоба қайта іске қосылады. Бүгінгі күннің өзінде жаңа өндіріс ошағында 120 адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығынан.

Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәлихаты барысында Глубокое ауданының әкімі Қалихан Байғонусов мәлімдеді. Бірер уақыт бұрын іске аспай тоқтап қалған жоба енді Елбасы 5 институционалды реформасының ІІІ реформасын іске асыру аясында қайта іске қосылады.

"Ауданның экономикасын дамыту мақсатында стратегиялық инвестор тартамыз. Мысалы Белоусовка кентіндегі кен орнын жандандыруға инвестор ретінде "Казақмыс" корпорациясы ЖШС тартылып отыр", – деді Қалихан Байғонусов.

Сонымен қатар, Секисовка ауылында «Айтай Кен-Байыту» ЖШС жобасы «Аймақтық индустрияландыру картасына» енгізіліп, алтын өндіру фабрикасындағы кенді өндіруді жылына 850 тоннадан 2000 тоннаға дейін көтерді. Аталған жоба аясында ауданға 16 192 млн теңге инвестиция тартылады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!