1 шілдеден бастап қытайлықтар үшін Қазақстанға турлар басталады

Фотография - 1 шілдеден бастап қытайлықтар үшін Қазақстанға турлар басталады

Елімізге Қытайдың алғашқы сік топтары Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі арқылы келуді жоспарлап отыр.

1686 0

Қытай тарапы биылғы жылдың 1 шілдесін  Қазақстанда қытай туристік топтарының топтық саяхаттарын ұйымдастырудың ресми басталған күні деп белгілеуді ұсынды.  Елімізге Қытайдың алғашқы туристік топтары Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі арқылы келуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР ИДМ ресми сайтында мәлімделген, деп хабарлайды BNews.kz.
"Туристер легін арттыру және 2015 жылғы 14 желтоқсанда Бейжіңде  қол қойылған "ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен ҚХР туризм істері жөніндегі Мемлекеттік басқармасы арасында қытай азаматтарының Қазақстан Республикасына топтық туристік сапарларын жеңілдету туралы меморандумын» іске асыру мақсатында қытай азаматтарын қабылдауға уәкілетті қазақстандық туроператорлардың тізімі жіберілді", – делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өз кезегінде, Қытай тарапы елімізге Қытай туристік топтарын жасақтауға жауапты қытай туроператорларының тізімін жіберді. Сонымен бірге Қытай құзыретті органдарына Қазақстанмен осы меморандумды іске асыру бойынша жұмысқа кіріскендігі туралы хабардар еткенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, ҚР ИДМ алдағы мамыр айының 20-да Қазақстанның туристік және инвестициялық тартымдылығын арқау еткен роуд-шоу өткізілетінін де хабарлап отыр.
"20 мамырда Қазақстанның Қытайдағы елшілігі, ҚР ИДМ, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ және Қазақстан мен Қытайдың  ірі туристік операторлары өкілдерінің қатысуымен роуд-шоу ұйымдастыруды жоспарлауда. Кездесудің тақырыбы - Қазақстанның туристік және инвестициялық тартымдылығы, Меморандум аясында Қазақстанға қытайлық туристік топтардың саяхатын ұйымдастыру, қытай туристерінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы және "Қытайдың Қазақстандағы туризм жылын» өткізу болғалы отыр", – деп жазады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!