Нұрсұлтан Назарбаев: "Жер тағдыры – ел тағдыры"

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев: "Жер тағдыры – ел тағдыры"

Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ жері туралы түрлі кездерде айтқан қанатты сөздерінің топтамасын ұсынып отырмыз.

958 0

Қазіргі кезде қазақ жеріне қатысты мәселе қоғамымызда қызу талқыланып жатқаны белгілі. Мемлекет басшысы бүгін өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясы барысында бұл жөніндегі берік байламын білдірді. "Жер – ата-бабамыздан бізге мирас болып қалған ең басты қазынамыз, ұлтымыздың ұлы байлығы. Қазақтың даласы – халықтың меншігі" деп түйіндеген Президент пікірі көптің көңіліндегі түйткілді тарқатып, күмәнді сейілткендей, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі facebook-тегі аккаунтында.


Ел мен жер ұғымын ешқашан бөле-жара қарамайтын Елбасының бұл тақырыпта сөз сабақтауы, әрине, бірінші рет емес. Осы орайда Фейсбук пайдаланушылары назарына Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ жері туралы түрлі кездерде айтқан қанатты сөздерінің топтамасын ұсынып отырмыз.

***
Қасиетті қазақ жері – ата-бабаларымыздың даңқты тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер.

***
Қазақ даласы – Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы.

***
«Көшпелілер» мал жайып өткен жерінің бәрін өздерінікі санай берген» дейтін сандырақты ғылыми тұрғыдан әшкерелеу шарт.

***
Мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқы. Ел де, жер де – қазақтікі. Ел болудың ұяты да – біздің жұрттың мойнында.

***
Жер жақындығы тағдырың мен тарихыңды жақындастырмай қоймайды. Жер тағдыры – ел тағдыры.

***
Жер абаттанса, ел абаттанады.

***
Қазақтың кең байтақ жерінде аңызға айналмаған тұс тіпті аз, бәрі де қастерлі өлке, қасиетті мекен.

Жерден өткен байлық жоқ: жер болса – ел болады, ел болса – ер болады.

***
Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, асты-үстін толтырып кен берген, мейірбан, ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.

***
Қазақтың қасиетті жерінің асты да – байлық, үсті де – байлық.

***
Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!