Сауд Арабиясы "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады

Фотография - Сауд Арабиясы "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады

Сауд Арабия корольдігі 2040 жылға қарай жер астынан қазып алынатын отынды пайдаланудан толық бас тартуды жоспарлап отыр

309 0

Сауд Арабиясы келер жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада өтетін "ЭКСПО" халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады.

Сауда Арабиясының үкіметі, "Үлкен жиырмалық" (G 20) тобының мүшесі "ЭКСПО-2017" комиссарының хатшылығына қатысатынын растайтыны туралы ресми нота жолдап, көрмедегі ел павильонын – Король Абдалла атындағы ядролық және жаңартылатын энергетика жөніндегі ғылыми қалашықты дайындауға жауапты органды тағайындады.
Сауд Арабия корольдігі 2040 жылға қарай жер астынан қазып алынатын отынды пайдаланудан толық бас тартуды жоспарлап отыр. Мұнай мен көмірді энергияның баламалы көздері – күн қуаты мен желдің күші алмастырмақ, деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Мақсат – энергияның баламалы көздері арқылы өндірілетін электр қуатын экспорттау. Бұл үшін алдағы 20 жылда Сауд Арабиясы корольдігінің басшылығы күн энергиясы инфрақұрылымына 109 млрд АҚШ долларын бағыттауды көздеуде.
"ЭКСПО-2017" комиссары хатшылығының ақпаратынша, осылайша Сауд Арабиясы халықаралық көрмеге қатысатынын ресми түрде растаған 83-ші мемлекет болып отыр.
Бүгінде 14 халықаралық ұйым қатысатынын растады, 65 комиссар тағайындалып, "ЭКСПО-2017" қатысу туралы 46 келісімшартқа қол қойылды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!