Асхат Дауылбаев Конституциялық кеңес мүшесі болып тағайындалды

Фотография - Асхат Дауылбаев Конституциялық кеңес мүшесі болып тағайындалды

Мұның алдында ол ҚР бас прокуроры болған

227 0

Пленарлық отырыс кезінде ҚР Парламент Мәжілісінің ортақ шешімімен Асхат Дауылбаев Конституциялық кеңес мүшесі болып тағайындалды, деп жазады Today.kz. Бұның алдында Дауылбаев ҚР бас прокуроры қызметінде отырған. Бұл орында оны Жақып Асанов ауыстырды.

А. Дауылбаев құқық қорғау саласында, оның ішінде прокуратура органында көп жылдар бойы еңбек еткен. Ол 1987 жылы Свердловск заң институтын үздік бітіргеннен соң еңбек жолын Алматы қаласының Октябрь ауданы прокуратурасында стажор, тергеуші, прокурордың көмекшісі қызметінен бастаған. 1990-1994 жылдары Алматы қаласының бірқатар аудандарында прокурордың орынбасары, Алматы қаласы төрелік сот төрағасының орынбасары секілді лауазымдарды атқарды. 

1997 жыл ҚР Әділет вице-министрі болды. 2001 жылы ҚР Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалып, ол қызметте 2011 жылдың сәуіріне дейін қызмет жасады. 2011-2016 жылдары ҚР Бас прокуроры қызметін атқарды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!