Мәжіліс Конституциялық Кеңес мүшесі І. Бақтыбаевтың өкілеттігін тоқтатты

Фотография - Мәжіліс Конституциялық Кеңес мүшесі І. Бақтыбаевтың өкілеттігін тоқтатты

Конституциялық Кеңес мүшесі І. Бақтыбаев өз еркімен өкілеттігін тоқтату туралы өтініш жасаған.

333 0

Бүгін Парламент Мәжілісі ҚР Конституциялық Кеңес мүшесі Ілияс Жақыпбекұлы Бақтыбаевтың өкілеттігін тоқтатты. Айта кетерлігі, Конституциялық Кеңес мүшесі І. Бақтыбаев өз еркімен өкілеттігін тоқтату туралы өтініш жасаған.

І.Бақтыбаев 2014 жылғы 5 наурызда Мәжілістің қаулысымен Конституциялық Кеңес мүшесі болып тағайындалған болатын. "ҚР Конституциялық Кеңес туралы" заңына сәйкес, Конституциялық Кеңес мүшесінен босату туралы өтініш берілген жағдайда оны тағайындаған орган (ҚР Президенті, Парламент Сенаты немесе Мәжіліс) оның өкілеттігін тоқтатады.

Осыған орай, Парламент Мәжілісі Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылдады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!