Қазақстанның басым бөлігінде бүгін жаңбыр

Фотография - Қазақстанның басым бөлігінде бүгін жаңбыр

Тек орталықта ауа райы жауын-шашынсыз болады.

212 0

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Оңтүстікте өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, батыста шаңды дауыл тұрады, тұман түседі. Тек орталықта ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында күн суытады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аудандарында күндіз найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.

Қызылорда облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, шаңды дауыл көтеріледі. Қостанай облысында тұман түсіп, желдің күші 17-22 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей аудандарында тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады.

Ақтөбе облысында 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақмола, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Ақтөбе облысында өрт шығу қауіпі бар.


Тегтер:

жауын күн-райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!