Бас прокурор жерге қатысты арандатушылық үшін жауапқа тарту болатынын ескертті

Фотография - Бас прокурор жерге қатысты арандатушылық үшін жауапқа тарту болатынын ескертті

Қадағалаушы органда жерді шетелдіктерге сату туралы қауесет туралы пікірін білдірді

958 0


ҚР  бас прокуроры Жақып Асанов Қазақстанның кейбір БАҚ-тары мен Ғаламторда Жер кодексіндегі өзгерістер жерді шетелдіктерге сатуға мүмкіндік береді деген ақпараттың пайда болуы турасында өз пікірін білдірді, деп жазады Today.kz. Қадағалаушы орган басшысы ақпараттың шындыққа сай еместігін және арандатушылық сипатта екендігін айтты.

"Аталаған амалдар заңсыз жалпыхалықтық акциялар өткізіп, оған қатысуға шақыру, сонымен бірге әлеуметтік және ұлттық араздықты тудыратын жариялымдармен қосарланып келуде", - деп атап өтті бас прокурор.

Ведомство басшысы аталған әрекеттер іс жүзіндегі заңнаманы ашық бұзу болып келетінін, мұның әкімшілік және қылмыстық жазаға алып келетіндігін атап өтті.

"Бүгін мен елдің барлық азаматтарына айтарым, әсіресе журналистік және желілік қоғамдастықтарға заңдылықты сақтаңыздар. Мен аймақтық прокуратура органдарына осы тұрғыдағы бұзушылықтарды анықтап, алдын алуды, тәртіпті сақтау мен іс жүзіндегі заңнаманы бұлжытпай орындауға тапсырдым. Құқық қорғау органдары заңмен қарастырылған шаралар қолданылуы керек, соның ішінде кінәлілерді қылмыстық жауапқа тартуға дейін", - дейді Асанов.

Естеріңізге салсақ, 24 сәуірде Атырауда митинг өткен. Жиналғандар қазақ жерін шетелдіктерге сатпауды талап еткен. Оларға аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев шығып, адамдарды өз талаптарын қағазға жазып беруге шақырды. Келісімге келген тұрғындар тарқаған болатын. Ресми мәліметтер бойынша, жиналғандар саны 700-дей болды.

Келесі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексіне енгізілген өзгерістер туралы сөз сөйлеген болатын.

Айта кетейік, Жер кодексіне қатысты ОКҚ-да түсіндіру жаряиланған болатын. Онымен мына жерден танысуға болады.

27 сәуірде, бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, Ақтөбе және Семейде митингтер өткен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!