Мас күйде көлік жүргізу үшін жазаны қатаңдатудың қажеті жоқ - ІІМ

Фотография - Мас күйде көлік жүргізу үшін жазаны қатаңдатудың қажеті жоқ - ІІМ

Қосымша жаза енгізіп, заңнаманы өзгертудің қажеті жоқ дейді ведомстводағылар.

202 0

Қазақстан Республикасы Ішкі істер минстрлігінде жолда мас күйінде көлік жүргізгендер үшін жазаны қатаңдату қажеттілігін байқап отырмағандығын айтады. Мұның алдында осындай ұсынысты Парламент Сенатының депутаты Бектас Бекназаров жасаған болатын. Оның пікірінше, Қазақстанда көлікті мас жүргізгені үшін жүргізуші құқығынан айырылған жүргізушілерге екінші рет осындай ереже бұзса, көпшілік алдында дүре салу сияқты қосымша жаза енгізу қажет, деп жазады Today.kz.

Редакцияның ресми сұранысына ведомствода, ҚР ҚК 54-бабының 1-тармағы бойынша алкогольдік, есірткі немесе токсикоманиялық мас күйде қылмыстық құқық бұзу жасау, жауапкершілік пен жазаны ауырлатушы жағдай болып келді Осылайша, іс жүзіндегі заңнамаға өзгеріс керек емес.

Естеріңізге салсақ, 21 сәуірде Бектас Бекназаров мас күйде көлік жүргізетіндер үшін жазаны қатаңдатуды сұраған. Оның айтуынша, Қазақстан жолдарындағы жоғары апаттығы және ЖКО кезінде жараланғандар мен көз жұмғандар санының артуы себеп болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!