Ескі үлгідегі купюраларды 2017 жылғы қазанға дейін айырбастап алуға болады

Фотография - Ескі үлгідегі купюраларды 2017 жылғы қазанға дейін айырбастап алуға болады

Бұл банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады.

272 0

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 3 қазанда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттардың айналыста болуының аяқталуы туралы қосымша хабарлайды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

"Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады", — делінген хабарламада.

Бұл банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады.

"Одан кейін 12 ай ішінде – 2016 жылғы 4 қазан – 2017 жылғы 3 қазан аралығында қоса алғанда – көрсетілген купюралар кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталуға тиіс", — деп ақпараттандырады Ұлттық банк. 

ҚР Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар айырбастау үшін 2020 жылғы 3 қазанға дейін, тегін, комиссия немесе айырбастау үшін ақы алмай қабылданады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!