Тоқаев жер сату туралы: Шетелдіктердің айлалы схема жасауына жол бермеу керек

Фотография - Тоқаев жер сату туралы: Шетелдіктердің айлалы схема жасауына жол бермеу керек

Фото: ©Арман Мухатов

Қазақстанда он миллион гектар жер толықтырылып, айналымға салынуы мүмкін.

2181 0


Үкімет мүшелері мен заң шығарушылардың, үкіметтік емес ұйымдардың алдында Жер кодексіне жақында енгізілген түзетулердің мәнісін халыққа түсіндіру бойынша ауқымды және маңызды жұмыс атқару міндеті тұр. Бұл туралы бүгін Сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдау барысында Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

"Қазақстан ауыл шаруашылығында пайдалануға болатын елеулі жер қорын сақтап отыр. Өндірістік айналымға қосымша ондаған миллион гектар жер қосылуы ықтимал. Осы ретте Үкімет мүшелері мен заң шығарушылардың, үкіметтік емес ұйымдардың алдында Жер кодексіне жақында енгізілген түзетулердің мәнісін халыққа түсіндіру бойынша ауқымды және маңызды жұмыс атқару міндеті тұр. Бұл орайда жердің шетелдіктерге сатылмайтындығы туралы айтып қана қоймай, аталған талапты түрлі қитұрқы жолдармен айналып өткісі келетіндерге тосқауыл қою үшін заңның осы ережесін құқықтық тәсілдермен іске асыруды қамтамасыз ету қажет", - дейді Қ.Тоқаев.

Ең бастысы, Сенат төрағасы атап өткендей, Мемлекет басшысының жердің ұлттық юрисдикциясы мен жерді тиімді әрі ұтымды пайдалану туралы талабын міндетті түрде орындау қажет.

"Сонымен қатар, жалға алынып, енді отандық кәсіпкерлердің жеке иелігіне көшетін жерлердің көлемі туралы мәселеге де сын көзбен қараған жөн. Мәселен, 1 млн гектарға дейін жерге иелік етіп, оны өңдеу үшін банктен қомақты несие алынғанымен, қайтарылуы үлкен күмән туғызып отырған жағдайлар да жоқ емес", - дейді ол.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!