10 жылда ауыл шаруашылығы өндірі 41% артты – Мамытбеков

Фотография - 10 жылда ауыл шаруашылығы өндірі 41% артты – Мамытбеков

Бұл туралы министр бүгін Сенатта өткен парламеттік тыңдау барысында мәлімдеді.

115 0

Он жылда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 41%-ға ұлғайды, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков. Бұл туралы министр бүгін Сенатта өткен парламеттік тыңдау барысында мәлімдеді.  

"Ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 59%-ға ұлғайып, 2,0 млрд. АҚШ долларынан асты, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорт көлемі 379 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 2015 жылы 167,0 млрд. теңгеге немесе шамамен 3,4 есеге ұлғайды. Алайда, отандық агроөнеркәсіптік кешен әлеуеті анағұрлым жоғары. Бұған қоса, өніміміз көпшілік жағдайда еуразиялық нарықта тең дәрежеде бәсекелеседі", - деді министр.

Сондай-ақ, министр экономикалық одақ елдерінің үкіметтері де субсидиялайтынын атап өтті. "Мемлекеттік қолдаудың бір-бірімізге тигізер тиімділігін төмендетудеміз. Саудалық текетірестерді қаржыландырудамыз", деді Мамытбеков.


Baq.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!