Бақытжан Ертаев Катардан келген делегацияны қабылдады

Фотография - Бақытжан Ертаев Катардан келген делегацияны қабылдады

Тараптар бұл жылы жүздесуді тарихы терең тамырластықтан басталған достық кездесу ретінде бағалады.

155 0

Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Бақытжан Ертаев пен Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский Катар елінен келген делегация мүшелерін қабылдад, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі.

Тараптар бұл жылы жүздесуді тарихы терең тамырластықтан басталған достық кездесу ретінде бағалады.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Катар елі арасындағы қатынас жыл санап қарқынды дамып келе жатқандығы айтылды.

Делегация жетекшісі, муниципалитет және қоршаған ортаны қорғау министрі Мухаммад Абдуллах Аль Румайхи қос мемлекет арасындағы ынтымақтастық барлық салада, әсіресе, саяси бағытта өте жоғары деңгейде екенін және болашақта да нығая түсетінін жеткізді.

Комитет төрағасы Г. Щегельский делегация мүшелерін экология саласында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыра келіп, Қазақстан Президентінің бүгін ғана "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойғанынан хабардар етті.

Осыған орай Катар елінің келер жылы Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне белсене қатысатындығына сенім білдірді.

Комитет төрағасы Елбасының халықаралық деңгейдегі маңызды бастамаларын сөз ете келіп, делегация жетекшісіне «Әлем.XXI ғасыр» манифесін табыс етті.

Бақытжан Ертаев Қазақстан Президентінің бүкіл әлемді бейбіт өмірге үндеу жолындағы батыл қадамдарын алға тарта келіп, дүниежүзіндегі 4-арсенал ядролық құралдан бас барту бастамасына айрықша назар аударды, делінген таратылған хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!