Қазақстанда шетелдіктерге жалға берілген жер қай аймақтарда және қанша гектар

Фотография - Қазақстанда шетелдіктерге жалға берілген жер қай аймақтарда және қанша гектар

Today.kz тілшісі Қазақстанда қанша жер шетелдіктермен жалға алынғандығын анықтады

3183 0


Today.kz тілшісі қазіргі кезде Қазақстанда қанша жер шетелдіктермен жалға алынғандығын және ол жерлер қайда екендігін анықтады. Осы мәселеге және қоғамда дау тудырған Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге қатысты сұрақтарға Ұлттық экономика министрлігінден жауап берді.

ҚХР азаматтарына жалға берілген жер көлемі 282 гектарды құрайтын болып шықты. Ал жерді жалға беру бойынша  үштікке Ресей, Кипр және БАӘ кіреді екен. Қазақстанда жалпылай 19 елдің өкілдері жерді жалға алуда. 45 мың гектардай жер ортақ кәсіпорындарға жалға берілген. Көбіне ол Қазақстан-Қырғызстан, Қазақстан-Малайзия және Қазақстан-Германия. Ал Қытайдың қатысы бар бір ғана кәсіпорын көрсетілген  "Монтаж и строительство" ЖШС (Ақтөбе облысы, 0,4 гектар).

Министрліктің берген мәліметінше, Қазақстанда ауылшаруашылық мақсаттағы 1,3 миллион гектар жер жекешелендірілген, 99,5 миллион гектар жалға берілген.

Министрлікте жерді сатып алған Қазақстан азаматтарына оны шетелдіктерге сатуға тиым салынатындығын баса айтып өтті.

2016 жылдың 1 шілдесінен бастап аукционға 1,7 миллион запастағы жер қойылады. Ал запастағы жер көлемі 100,1 миллион гектар, соның ішінде суарылмайтын жайлымдардың үлесі 78,5 миллион гектар.

Егер шетелдіктің үлесі 50 пайыздан аз болса, мұндай жер телімінің иесі тек Қазақстан азматы болып келеді. Егер шетелдік құрамнан шыққысы келсе оның үлесі қаржы түрінде ғана қайтарылады.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!