Жердің аукциондық құны қалай белгіленеді?

Фотография - Жердің аукциондық құны қалай белгіленеді?

Қазақстан азаматтарына сатудың жаңа механизмі – аукционды енгізу туралы шешім қабылданды.

225 0

Жер қатынастары саласындағы индустриялды-экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жерді нәтижелі және тиімді пайдалану үшін ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтарына сатудың жаңа механизмі – аукционды енгізу туралы шешім қабылданды. ҚР ҰЭМ Құрылыс, ТКШ істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Смағұлов қазақстандық диқандарға сатылатын жер телімдерінің аукциондық бағасы қалай белгіленетінін әңгімелеп берді. 

"Жер қатынастары саласындағы индустриялды-экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жерді нәтижелі және тиімді пайдалану үшін ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтарына сатудың жаңа механизмі – аукционды енгізуге шешім қабылданды. Қазақстанның әрбір азаматы, заңды тұлға болсын, жеке тұлға болсын, аукциондарға қатыса алады. Барлық аукцион ашық өткізіледі, 15 күн бұрын әкімдіктің сайтында сатылатын жер телімі туралы барлық ақпарат орналастырылады", - дейді Бауыржан Смағұлов.

Оның айтуынша, алғашқы кезеңде жер учаскесінің кадастрлық құны жоғары болады. Егер екі аукционның қорытындысы бойынша аталған жер телімі сатылмаса, кадастрлық құн ең төменгі шекке дейін, яғни 50% арзандайды.  

"Жер телімінің кадастрлық құны базалық мөлшерлеме негізінде есептеледі, бағаны көтеретін және төмендететін коэффициенттер қолданылады, жер телімінің аумағы, су көзіне қашықтығы, коммуникациясы ескеріледі. Осылардың негізінде базалық мөлшерлеме белгіленеді.  

Әрбір жер телімінің құны жеке анықталады және табиғи да, антропогендік те факторлар ескеріледі", - деп түсіндірді ҚР ҰЭМ өкілі.   

Бауыржан Смағұлов жерді Қазақстан азаматтары ғана сатып алуға құқылы екенін ескертіп өтті, ал шетелдіктер 25 жылға дейін жалға ала алады.  

 BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!