Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ең басты күшін атады

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ең басты күшін атады

Мемлекет басшысы елді Бірлік күнімен құттықтады

602 0

Халықтың бірлігі Қазақстанның басты күші, деді ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтай отырып, деп жазады Today.kz. Мемлекет басшысы Алматыда өтіп жатқан мерекелік шараларға қатысты.

"Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен – керемет мерекемен құттықтаймын. Конституциямызда жазылғандай, біз – Қазақстан халқы, ежелгі қазақ жерінде тағдыр қосқан ел өз мемлекетімізді құрудамыз. Бұл сөзде бірлікке шақыру бар, біз осыған жетуге тырысудамыз – осыны есте сақтаңдар. Биыл 25 жыл толады, барлық адамдарға тең қарайтын, әр адам өзін еркін сезінетін, ештемеден қымсынбайтын мемлекет құрып жатқанымызға, бұған жету оңай болған жоқ", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге Президент Қазақстанның көрші елдермен де тату тұратын көрші екенін айтып өтті. Елді мерекемен құттықтай отырып ол елдің қолдауынсыз бір өзі осыны істей алмасын баса айтты. Назарбаев жаңа жолдардың, әуежайлардың, теңіз порттарының, тұрғын үйлердің, мектептердің құрылысы жалғаса беретіндігін жеткізді. Оның айтуынша, ешбір ел он жылда мыңдаған аурухана салып, дәрігерлерді даярлай алумен, адамдардың өмірін жақсартып, орташа жас ұзақтығын 64 жастан 72 жасқа дейін арттырғанымен мақтана алмайтындығын айтты.

Президенттің сөзінше, қазір қазақстандықтардың алдында бірнеше міндет тұр: ғылым мен техниканы дамыту.

Соңында ол барлығын Пасха және Бірлік күні мерекесімен құтықтап, зор денсаулық, бақыт, жастардың болашағы ашық болуын және бар жақсылықты тіледі.

Мұның алдында Астанада Бірлік күніне арналған мерекелік шара жаңа форматта бес бөлек алаңда өтетіндігі хабарланған. Мерекелік шараларға байланысты 1 мамыр күні Тәуелсіздік даңғылы бойымен, Байтұрсынов көшесінен Нәжмеденов көшесіне дейін қозғалыс толықтай тоқтатылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!