Шығыс Қазақстан Бірлік күнін кеңінен тойлауды

Фотография - Шығыс Қазақстан Бірлік күнін кеңінен тойлауды

Өскеменнің орталық алаңына жиналған аймақтың әр ұлт өкілдері көрме ұйымдастырды

255 0

Шығыс Қазақстанда 1-мамыр "Қазақстан Халқының бірлігі күні" мерекесі аталып өтуде. Өскеменнің орталық алаңына жиналған аймақтың әр ұлт өкілдері өздерінің салт дәстүрлерін, ұлттық киімдерін насихаттайтын көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығынан.

Өскемен қаласымен қатар, облыстың әр өңірінде жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарламалар өтіп жатыр. Сондай-ақ, мереке барысында түрлі спорттық ойындардан сайыстар мен жәрмеңкелер ұйымдастырылды.

Айта кетсек, бүгіннен бастап қала аумағындағы барлық субұрқақтар іске қосылады. Ал концерттен кейін қаланың темір тұлпар иелері «Автоэкзотика-2016» атты көліктер көрмесіне қатыса алады. Кешкі уақытта бірер күн бұрын облыста өз соңына жеткен «Студенттік көктем – 2016» сайысының жеңімпаздарының қатысуымен гала концерт өтіп, соңы би кеші жалғасын табады


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!