ҚР ҰЭМ - шетелдіктер жерге қатысты "құйтырқы амал" жасай алмайды

Фотография - ҚР ҰЭМ - шетелдіктер жерге қатысты "құйтырқы амал" жасай алмайды

Қоғамды алаңдатып отырған сұрақтарға Ұлттық экономика министрлігінен жауап берді

2529 0

29 сәуірде сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев парламент тыңдауларындағы Қазақстанның аграрлық секторына қатысты сөзінде жер мәселесінде шетелдіктерге "құйтырқы амалдар" жасауға жол бермеу керектігін айтқан. Яғни, Қазақстан жерін жалға алып отырған шетелдіктер оны иеленіп алмауы керек. Бұған жол бермеу тәсілдері туралы Today.kz редакциясы ҚР Ұлттық экономика министрлігінен сұрап білді.

– Шетелдіктердің жерді жекеменшікке заңды айналып өтіп алуына қандай тосқауыл қойылған? Жалпы тосқауыл бар ма?

Заңнамада ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға тиым салған, сондай-ақ шетелдіктерге салынған шектеулердің айналып өту тетіктерін де ескереді.

Егер де шетелдіктер жеке меншігіне жалған неке арқылы қулығын асырып жерді сатып алуға тырысса, ЖШС үлесін сатып алу арқылы немесе екінші нарықта жерді сатып алғысы келсе әділет органдары бұндай жағдайларды тіркеу үшін қабылдамайды.

Заң тұрғысында, бұндай тіркеусіз жер құқығына иелікте туындамайды.

Сонымен, әділет органдарындағы тіркеу рәсімдері арқылы шетелдіктер үшін белгіленген шектеулердің сақталуын бақылайды.

Сонымен бірге, заңнамалық шектеу туралы шетелдік азамат және әлеуетті сатып алушы нотариусқа келісім жасауға келгенде де біледі.

Мемлекет нотариустың тиым салуын, оларды жауапкершілікке тартумен белгілеген. Бұл кезде келісімдердің құқықтық салдары болмайды.

– Шетелдіктің қазақстандық компаниядан үлес алу жайына келсек. Отандық кәсіпорын жер сатып алды делік және аяқ-асты компания құрылтайшылары арасында шетелдік бар болып шықты...

Бұл мәселені екі жақты қарауға болады.

Біріншісі. Егер де шетелдік сатып алатын үлес 50%- тен асатын болса, онда бұндай заңды тұлғаның жер телімдері үш айдың ішінде алынуға жатады немесе жер пайдалану (жалға беру) құқығы қайта хатталуы қажет.Бұл талапты орындамаған кезде, Әкімдік жер телімдерін мемлекетке қайтару туралы шағым береді.

Мемлекет өз кезегінде бұндай фактілерді ақпараттық жүйелердің бірлескен іс қимылы арқылы анықтайтын болады, ондай ақпарат заңды тұлғалар үлесінің мөлшері және барлық заңды тұлғалар – жер телімінің иелері туралы ақпараттан тұрады. Егер де жеке меншігінде жер құқығы бар заңды тұлғалар анықталған кезде, шетелдіктердің үлесі 50%-тен асса, бұл ақпарат әкімдікте жерді алу үшін, жер телімін жалға беру құқығын қайта қарау немесе сотқа оны қайтару жөнінде шағым бойынша жұмыс істеуге жіберілетін болады.

Екінші. Егер де шетелдіктің үлесі 50% -тен кем болса, заңды тұлға үшін ештеңе болмайды.

– Шетелдік бұл жағдайда заңды айналып өтпей ме – 50 пайыздан төмен үлес – тиым?

Бұл күмәнді сейілтсек деймін. Азаматтық кодекске сәйкес, бұндай шетелдік – заңды тұлға иесі оның мүлкіне, оның ішінде жер теліміне де құқығы болмайды, тек жарғы капиталындағы үлес құқығына ғана ие. Басқа сөзбен айтқанда, бұндай жер телімдерінің иелері шетелдік азамат емес, заңды тұлға – біздің заң бойынша қызметін жүзеге асыратын және осы жерде салық төлейтін Қазақстан резиденті болып табылады. Егер де шетелдік қатысушылар құрамынан шыққысы келсе және өзінің жер үлесін алғы келсе, оған ондай мүмкіндік жоқ, өйткені ол жер құқығын тіркей алмайды.

Бұл жағдай - заңды тұлға қатысушысы жұбайлар болып, оның біреу шетелдік болған жағдайға да қатысты. Бұл кезде акционерлік қоғам сияқты ұйымдық –құқықтық нысаны ерекшелігінде ескерген жөн. АҚ үлестер, барлық мүлік нарықта еркін айналым акциялары, бағалы қағаздар түрінде, олар биржаларда сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Мұндайда шетелдікке тиісті акция үлесін бақылаудың қажеттілігі жоқ, өйткені тіпті акцияның 100% иесі шетелдік акционердің өзі де жерді өзінің меншігіне ала алмайды.

Айтылғандарды түйіндей келе, ауылшарушылығы мақсатындағы жерлердің жеке меншік құқы тек қазақстандық компания құқығында ғана болады және ол қатысушы құрамынан шыққан кезде жер телімімен емес ақшалай түрде төленетін заңды тұлға үлесіне ғана құқы бар.

– Жерді сатып алған қазақстандық оны шетелдікке сата алады ма?

Жоқ, сата алмайды. Бұған заңнамамен тиым салынған.

– Егер жер шетелдік банкте кепілде тұрған болса не болады?

– Шетелдік банк кепілде тұрған жерді жекешелендіре алмайды.

– Жерді шетелдіктердің жалға алуы олардың отандастарының Қазақстанға келуін туындатпайды ма? Жұмыс істеуге...

Қазақстанға шетелдік азаматтардың келуі туралы мәліметті соңғы 5 жылда Қазақстанға келуші шетелдік азаматтардың саны әлі өзгере қоймағандығымен толықтырып өткім келеді. Жыл сайын біздің республикамызға орта есеппен түрлі мақсатта бір миллионнан артық шетелдік азаматтар келеді (тіркеледі). Бұлар туристер, іссапармен келушілер, студенттер, жұмысшылар және т.б. Олардың басы бөлігі (80-90%) – ТМД елдерінің азаматтары.

Қазақстандағы шетелдік жұмысшылардың қызметі квота арқылы реттеледі, яғни үкімет қаулысымен біздің елімізге табыс табу үшін келген шетелдіктердің ең жоғарғы саны белгіленеді. Бұл квота экономикалық белсенді тұрғындардың 0,7%-нан асып кетпейді. Мысалы, 2016 жылы квота 63 мың адамды қамтиды. Өткен жылы да квота мөлшері жоғарыдағы көрсеткішпен шамалас болды, 2015 жылы 32 мың адамға елге кіруге рұқсат берілді. Сонымен, квотаның 50% игерілді.

Осыған байланысты, квота отандық еңбек нарығында көрініс тауып отырған тапшылықты жоюға, еңбек нарығына білікті жұмысшыларды тартуды көздейді. Олардың тек 2054 адамы ауылшаруашылық жұмыстары үшін келді.

Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тарту мемлекеттік жылсайынғы квотамен шектелген және тек ғана білікті жұмысшыларға таратылады. 2016 жылы квота 63 мыңды адамды құрады және қазақстандық жұмысшылар санының 0,7%-нан аспайды. Шетелдіктердің біздің елімізде болу рұқсаттарының жарамдылығы жылдан аспайды, мерзімі өткен кезде олар Қазақстаннан кетеді

Бұдан басқа, шетелдік жұмысшылардың саны осы немесе өзге кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшылардың жалпы санының 10% - нан аспауы қажет. Бұл норма тек қана жұмыс берушілерге таратылады. .

– Қазақстанға ауылшаруашылығы саласында шетелдік инвестицияны тартып керегі не?

Отандық ауыл шаруашылығымыз белсенді дамуда десек те, біздің елімізде әлі де болса игерілмеген үлкен әлеуеттер бар. Мысалы, Қазақстанда 147 млн. га жайылым бар және сиыр етін тұтынушы екі ірі елмен шекаралас. Бұл 2014 жылы 4 млрд. АҚШ долларына сиыр етін сатып алған Ресей мен Қытай. Осындай әлеуетті тұтынушыларға біз бар мүмкіндіктерімізді пайдалана алмай отырмыз.

Бұған себеп неде? Басты себеп – жоғары өндірістік қаржы шығындармен, өтімділігінің үлкен мерзіммен байланысты ауыл шаруашылықтағы инвестицияның жетіспеушілігі, ауылда ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның жоқтығы, осы салаға сәйкес мамандардың кетуі.

Өз кезегінде инвестицияның жетіспеушілігі бірінші мынадан көрінеді, саланың төмен техникалық жабдықталуы (ауылшарушалығы техникасы паркінің 80% тозған).

Екіншіден, қаржыландырудың төмендігіне байланысты көптегені шаруалар тыңайтқыштарды қолданбай жердің құнарлы қыртысын бұзады.

Сонымен бірге, қазақтар тарихтан белгілі білікті малшылар болған және фермерлер бүгінде бұл саланың бұрынғы әлеуетін қалпын келтіруде. Бұған инвестицияны тарту осы бағытты қарқынды дамытуға алып келер еді.

Сондай-ақ ауылшарушалығына келген инвестициялар 2015 жылы 167,0 млрд. теңгені құрады, бұл өнеркәсіпке келген инвестициялардан 23 есе төмен. Сондықтанда шетелдік компанияларды агроөндірісті дамытуға тарту жаңа агротехнологияларды, ауылшаруашылығы техникаларын, дәндік тұқымдарды, тыңайтқыштарды және тағы басқаларды енгізуге мүмкіндік береді.

Біз қазақстандықтар, өзіміздің отандық ауылшараушылық өнімдерін, өз жерімізде өскен: ет, жеміс жидек, көкөністі пайдаланатын боламыз. Ал шетелдік компаниялар бізге салық төлейтін болады, жұмыс орындарын құратын болады, ауылдың инфрақұрылымн жақсартады, біздің жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға көмектесетін болады. Біз азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, импортты алмастыруды төмендетуге, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыруға тырысуымыз қажет.

Сонымен катар Қазакстанда жерді химизациялаудың тарихи төмен деңгейінде және жақын маңдағы нарықтың төлем қабілеттілігіне байланысты көрінетін органикалык өнімді өндіру үшін қолайлы шарттар жасалған.

2015 жылдың аяғында біздер органикалық өнімді өндіру туралы заң қабылдадық. Осы заң органикалық өнімнің жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесуге және халықты жоғары деңгейдегі өніммен, ал өндірушіні әділ бағамен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Сонымен қатар оның ғаламдық алғышарттары да бар.

Біріншісі, ол халықтың өсімі. Халық санының өсімі туралы болжамдарға сәйкес, 2050 жылға қарай тамақ өнімін 60%-дан көп, ал дамушы елдерде қазіргі көлемнен 2 есе көп өндіруді қажет етеді.

Екіншісі, халықаралық ауылшаруашылығының әлеуеті деңгейінің төмендеуінен тамақ өнімі дефицитке ұшырауы мүмкін.

Сондықтан да, Қазақстан әлемдегі тамақ өнімінің тұрақтануы мен жақсаруына байланысты маңызды рөл ойнамақ.

Әлемдің тәжірибеде ауыл шаруашылығына бөлінген ақы- пұлдың өтімділігі минимум 10 жылды құрайды. Ал бұл өндірістің әрі қарай дамуына ұзақ жылдар қажет.

Мысалы шетелдіктерге жерді жалға беру Ресейде- 49 жыл, ал Біріккен Араб Әмірлігінде- 99 жылды құрайды. Бұл тегіннен тегін емес.

Мұның алдында шетелдіктер жалға алған жер көлемдері мен олардың орналасқан жері жарияланған. Қазіргі кезде жалға берілген жер көлемі 99,5 миллион гектар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!