Бүгін Қазақстан аумағында жауын-шашын түсіп, бұршақ жауады, үсік жүруі ықтимал

Фотография - Бүгін Қазақстан аумағында жауын-шашын түсіп, бұршақ жауады, үсік жүруі ықтимал

Ал Республиканың шығысында үсік түсуі мүмкін

900 0

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, тек  республиканың солтүстігінде және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз. Сондай-ақ, кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, желдің күшеюі сақталады, оңтүстік өңірде бұршақ жаууы. Ал Республиканың шығысында үсік  түсуі мүмкін.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде  найзағай болады, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде екпіні 23 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде кей жерлерде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болмақ.

Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

Ақтөбе облысының  кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!