Қазақстанның басым аумағында жаңбырлы күн райы сақталады

Фотография - Қазақстанның басым аумағында жаңбырлы күн райы сақталады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағымдар жүреді

339 0

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағымдар жүруіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, тек солтүстік пен орталықта күн ашық, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.

Қазгидрометтің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысының кей аудандарында түнде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 23 м/с дейін жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарында жел тұрады. Атырау облысының кей бөліктерінде найзағай ойнайды, тұман түседі деп күтілуде. Маңғыстау облысында – тұман, найзағай.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан өңірлерін тұман басады. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Шығыс Қазақстанда кей аудандарында күн 2 градусқа дейін суытып, үсік жүреді. Ақтөбе аймағында өрт қаупі сақталады.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!