Жария ету науқаны басталғалы 590 млрд теңге заңдастырылды

Фотография - Жария ету науқаны басталғалы 590 млрд теңге заңдастырылды

2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 2016 жылдың 28 сәуірі аралығында өткен жария ету науқаны кезеңінде банктер 590 млрд теңгеге 910 банк шотын ашқан

955 0

Сәуірдің соңында қазақстандықтар шоттарына жария ету мақсаттары үшін 590 млрд теңгеден астам қаржы аударды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Қаржы реттеушісінің деректеріне сүйенсек, 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 2016 жылдың 28 сәуірі аралығында өткен жария ету науқаны кезеңінде банктер 590 млрд теңгеге 910 банк шотын ашқан.

2015 жылдың 29 қарашасында Рақымшылық туралы заңға түзетулер енгізілгеннен кейін банктердегі шоттарға 506 млрд теңге аударылған. Банк шоттары арқылы ақшаны жария ету қарқынының айтарлықтай ұлғаюы жария ету рәсімдерін жеңілдетумен, нақтырақ айтқанда, ақшаны бес жыл бойы сақтау және 10% алым төлеу жөніндегі талаптардың алып тасталуымен байланысты.

Науқанға 30 банк және Ұлттық пошта операторы қатысады. Аударылған ақша және ашылған шоттар көлемі бойынша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстары көш басында.

Фото -

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!