Ресей Қазақстан арқылы Қытайға тұщы су жіберуді ұсынды

Фотография - Ресей Қазақстан арқылы Қытайға тұщы су жіберуді ұсынды

Ресейдің бұл аймағында тұщы судың артық көлемі ағызылып жіберіледі.

365 0

Қытайдың шөлейтті аудандарының тұрғындары Ресейдің тұщы суын тұтынатын болады. Ресейдің Алтай өлкесінен ҚХР Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданына тұщы су жіберу жобасы Қазақстан Республикасы арқылы жүзеге асырылмақшы. Бұл туралы ҚХР ауыл шаруашылығы министрі  Хань Чанфумен болған кездесуде оған ресейлік әріптесі Александр Ткачев ұсыныс еткен.

"Ресейдің Алтай өлкесінен ҚХР-дың шөлейтті Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданына Қазақстан Республикасы арқылы тұщы су жіберу жобасын ұсынуға дайынбыз. Жақын аралықта  аталған мәселе бойынша Қазақстан тарапымен кеңесетін боламыз", – деді ол.

Ресейдің бұл аймағында тұщы судың артық көлемі ағызылып жіберіледі. Сондықтан Алтай өлкесінің су ресурстарын тиімді әрі ұтымды пайдалану мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің мелиорация департаменті Қазақстан арқылы Қытайдың суға зәру ауданына 70 млн текше метр көлемінде тұщы су жіберу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды Rg.ru.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!